Білім саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 186 Қаулысы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 384 Қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті;