10-шы Халықаралық ҚаржылықЕсептілігінің Стандарты (IFRS 10)
«Шоғырландырылған Қаржылық Есептілігі»
Мақсаты
1 Бұл стандарттың мақсаты кәсіпорын бір немесе бірнеше басқадай кәсіпорынды бақылаған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну ұстанымдарын анықтау болып табылады.
Мақсаттың жетістігі
2 1-тармақта баяндалған мақсаттарға қол жеткізу үшін осы стандарт:
(а) бір немесе бірнеше басқа кәсіпорынды (еншілес кәсіпорынды) бақылайтын кәсіпорын (бас кәсіпорын) шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынуы үшін талап етеді;
(b) бақылау қағидасына түсінік береді және шоғырландыру үшін ретінде бақылауды анықтайды.
(с) инвестор инвестиция нысанын бақылайтындығын немесе бақыламайтындығын анықтау үшін бақылау қағидасын қалай қолдануын және сәйкесінше инвестор инвестициялар нысанын шоғырландыруы керек пе дегенді көрсетеді;
(d) шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау мақсатында бухгалтерлік есепке қойылатын талаптарды анықтайды; және
(е) Инвестициялық кәсіпорын мен инвестициялық кәсіпорынның еншілес компанияларының шоғырландыру артықшылықтарын анықтайды.
3 Бұл стандарт бизнестің бірігуі кезінде туындайтын гудвилді қоса алғанда бизнестің бірігуі бухгалтерлік есепке қойылатын талаптарды және олардың шоғырлануға әсерін қарастырмайды. (3 «Бизнестің бірігуі» ХҚЕС (IFRS) қараңыз).
Қолдану аясы
4 Бас кәсіпорын біріккен қаржылық есепті ұсынуға тиісті. Қазіргі стандарт төменгі жазылған жағдайда барлық кәсіпорындарға таратылады.
(а) бас кәсіпорын біріккен қаржылық есеп беруді ұсынуға тиісті емес, егер де ол келесі барлық жағдайда қанағаттандыратын болса;
(i) бас кәсіпорын өзі еншісіне алған кәсіпорын бола тұра басқа кәсіпорынның толық және жеке меншігінде орналасса оның басқа меншіктері басқа жағдайда дауыс құқығы болмауын қоса есепке ала отырып бас кәсіпорын біріккен қаржылық есепті ұсынбайды,бұған қарсы емес;
(ii) бас кәсіпорынның қарыздық және үлестік құралдары ашық нарыққа шығарылмайды (жергілікті аумақтық нарықты қоса ішкі және сыртқы қор биржасына немесе биржадан тыс нарықта);
(iii) бас кәсіпорын ашық нарықта кез-келген сападағы құралдарын шығару мақсатына бағалы қағаздар комиссиясы және де басқа реттеуші органдарға өзінің біріккен қаржылық есебін ұсынбаған және ұсынбайды; және
(iv) бас кәсіпорын көрсеткен соңғы немесе кез-келген аралық бас кәсіпорын ХҚЕС сәйкес дайындалған ашық қолдану үшін қол жетімді шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынатын.
(b) «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» ХҚЕС (IAS) 19 қатынасында қолданылатын жұмысшыларға еңбек қызметі аяқталуы бойынша сыйақы немесе басқа да ұзақ мерзімді сыйақы жоспары.
(с) Осы ҚХЕС-тің 31-тармағына сәйкес барлық еншілес компанияларды пайда мен залал арқылы әділ құнмен өлшеуталап етілсе, инвестициялық кәсіпорын шоғырландырылған қаржылық есептілігін ұсынбауы қажет.
Бақылау
5 Инвестор қандай бір кәсіпорынның қатысу сипатына байланысты инвестиция нысанында бақылау орната алатынын бағалап, ол бас кәсіпорын бола алатындығын анықтайды.
6 Инвестор инвестиция нысанына қатысуынан кіріс өзгеруімен байланысты шығынға ұшырағанда немесе ондай кірісті алуға құқығы болса, сондай- ақ инвестициялар нысанына қатынастыықпал өзінің билігін жүзеге асырумен кіріске иелік ету мүмкіндігі болса ғана инвестиция нысанын бақылауға ие бола алады.
7 Осылайша келесі жағдайда инвестор инвестиция нысанын бақылайды, егер инвестор:
(а) инвестиция нысанына қатысты өклеттілікке ие болады (10- 14 тармақтарды қараңыз);
(b) инвестиция нысанына қатысудан түскен ауыспалы кіріспен байланысты тәуекелге ұшырайды немесе мұндай кірісті алуға құқығы болады (15 және 16 - тармақтарды қараңыз); және
(с) инвестордың кіріс мөлшеріне ықпал ету мақсатында инвестиция нысанына қатынасты өзінің өкілеттігін қолдану мүмкіндігі бар ( 17 және 18 -тармақтарды қараңыз).
8 Инвестор оның инвестиция нысанын бақылауға ие ма жоқпа дегенді бақылап,барлық жағдайлар мен фактлерді қарауға тиісті. Инвестор 7-бөлімде көрсетілген бір бақылаудың үш элементінің немесе бірнеше фактілер мен жағдайлар өзгерісін көрсеткенде, инвестиция нысанын бақылауды игергенін қайта бағалауы керек ( В80 -В85 тармақтар).
9 Егер де басшылықтың маңызды қызметіне олардың біріккен іс әрекеті керек болса, инвестиция нысаны екі немесе одан да көп инвесторлардың біріккен бақылауында орналасады. Ондай жағдайда инвесторлардың біреуі инвестиция нысанын жеке бақылаумен айналыспайды, сондықтан да инвесторлардың біреуі де басқа инвесторлардың қатысынсыз қызметті басқара алмайды. Әрбір инвестор тиісті ХҚЕС қарастырылған ХҚЕС (IAS) 28 «Қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар» және (IFRS) 11 «Бірлескен қызмет»немесе ХҚЕС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» сияқты ХҚЕС сәйкес өзінің инвестициялар нысанына қатысу үлесін есепте көрсетеді.
Өкілеттік
10 Егер де инвестор қазіргі уақытта маңызды қызметін басқару мүмкіндігін «(IFRS) 11 де инвестиция «Бірлескен қызмет», ХҚЕС (IAS) 28 «Қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар», немесе ХҚЕС (IFRS) 9 Қаржы құралдары құқығына ие болса инвестиция нысанында өкілеттілігін жүргізе алады,инвестициялар нысанына қатынасты кіріске маңызды ықпал етеді.
11 Өкілеттік құқық нәтижесі болып табылады. Кейбір жағдайда өкілеттілікті бағалау қиындық туғызбайды, мысалы өкілеттік инвестициялар нысанына қатынастытура дауыс құқығының нәтижесі және акция сияқты дауыс құқығы ұсынылған үлестік құралдар немесе акция пакетімент байланысты дауыс беру құқығының қарауымен өндірілген болуы мүмкін. Басқа жағдайларда егер де өкілеттік бір немесе бірнеше келісімшарттың нәтижесі болып табылса, бірнеше факторларды қарастыру талап етіледі, бағалау қиындау болады.
12 Қазіргі уақытта елеулі қызметті басқару мүмкіндігі бар инвестор, егер басқару құқығы әлі жүзеге асырылмаған болса да өкілеттіліктерге ие болады. Инвестордың маңызды қызметті басқаруының дәлелдемесі инвестордың өкілеттілікке ие ме жоқ па дегенді анықтау мүмкіндігін көрсетеді, алайда ондай дәлелдеме инвестордың инвестиция нысанына өкілеттікке ие ме дегенді анықтау кезінде өздігінен шешуші фактор болып табылады.
13 Екі немесе одан да көп инвестор әртүрлі елеулі қызметтің түрлерін бір жақтық тәртіпте басқаруға мүмкіндік беретін қолданыстағы құқықтарға ие болған жағдайда, инвестициялар нысанының кірісіне ең елеулі әсер еткен қызметті басқару мүмкіндігі бар инвестор инвестициялар нысанына қатысты өкілеттілікке ие болады.
14 Инвестор егер де басқа кәсіпорын оларға маңызды қызметті басқаруға мүмкіндік беретін құқығы болса, мысалы басқа кәсіпорын маңызды ықпалын тигізсе, инвестиция нысанына қатысты өкілеттілікке ие болады. Алайда инвестициялар нысанына қатысты тек қана қорғау құқықтары бар (В26 -В28 тармақтарын қараңыз), бірақ өкілеттілігі жоқ инвестор және сәйкесінше мұндай инвестор инвестициялар нысанын бақыламайды.
Кіріс
15 Инвестор инвестиция нысанына қатысуынан кіріс өзгерісімен байланысты шығынға ұшыраса немесе ондай кірісті алуға құқығы болса, егер инвестор инвестиция нысанына қатысуынан тапқан кірісі инвестиция нысаны қызмет көрсеткішіне байланысты түрленуі мүмкін. Инвестордың кірісі тек қана жарамды, тек қана жарамсыз болуы немесе жарамды және жарамсыз болуы мүмкін.
16 Осыған қарамастан тек қана бір инвестор инвестиция нысанын бақылауы, инвестиция нысаны кірісіне бірнеше тарап қатысуы мүмкін. Мысалы бақыланбайтын үлестерді иеленушілер инвестициялар нысанының бөлінуіне немесе пайдасына қатыса алады.
Өкілеттілік пен кірістің арақатынасы
17 Инвестор инвестициялар нысанына қатынасты тек қана өкілеттілікке ие болмай инвестиция нысанына қатысуына байланысты кіріс өзгерісіне байланысты шығынға ұшыраса немесе сондай кірісті алуға құқылы болса, сондай-ақ инвестиция нысанына қатысуынан инвестордың кірісіне ықпал көрсету мақсатымен өзінің өкілеттігін көрсету мүмкіндігіне ие болса, инвестиция нысанын бақылауға ие бола алады.
18 Сонымен шешім қабылдауға құқығы бар инвестор принципал немесе агент болып табылатынын анықтауы керек. В58- В72 тармақтарына сәйкес агент болып табылатын инвестор оған шешім қабылдау құқығын бере отырып, инвестициялар нысанын бақыламайды.
Есеп жүргізуге қойылатын талап
19 Бас кәсіпорын ұқсас жағдайларда ұқсас оперциялар мен басқа да оқиғаларға арналған бірыңғай есеп саясатын пайдалана отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін дайындауы тиіс.
20 Инвестиция нысанын шоғырландыру инвестор инвестиция нысанын бақылауға алған сәттен басталады және инвестор инвестиция нысанын бақылауды тоқтатқан кезден аяқталады.
21 В86-В93 тармақтары шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындауға арналған нұсқаулықтан тұрады.
Бақыланбайтын үлестер
22 Бас кәсіпорын меншігінің капиталынан басқа басқа жеке капитал құрамындағы қаржылық жағдай туралы шоғырландырылмаған есебіндегі бақыланбайтын үлестерді ұсынуы тиіс.
23 Бас кәсіпорынға еншілес кәсіпорын үстінен жүргізетін бақылауды жоғалтуға әкелмейтін еншілес кәсіпорындардағы бас кәсіпорынның қатысу үлесіндегі өзгерістер капиталы бар операция ретінде есептеледі (яғни, осы сапада қолданылатын меншік иелерімен жүргізілетін операция).
24 В94-В96 тармақтары шоғырландырылған қаржылық еспке алуға арналған нұсқаулықтан тұрады.
Бақылауды жоғалту
25 Егер де бас кәсіпорын еншілес кәсіпорынды бақылауын жоғалтқан жағдайда бас кәсіпорын:
(а) қаржылық жағдайы туралы шоғырландырылған есептегі бұрынғы еншілес кәсіпорынның активтері мен міндеттемелерін тануды тоқтатады
(b) ХҚЕС сәйкес анықталған тәртіпте бұрынғы еншілес кәсіпорынға немесе оның пайдасына тиіселі, сондай-ақ кез-келген бағалар сондай-ақ инвестиция есебіне бақылаудың шығындану уақыты және ақыры тойтарыс береді, бұрынғы еншілес кәсіпорында қалған кез-келген инвестицияның әділ бағасы тануын тоқтатады. Көрсетілген әділ құн ХҚЕС (IFRS) 9 сәйкес қаржылық активті алғашқы тану кезіндегі әділ құн сияқты немесе қажеттілігіне орай алғашқы тану кезіндегі қауымдасқан кәсіпорындардағы немесе бірлескен кәсіпорындардағы инвестициялардың өзіндік құны сияқты бағаланады.
(с) бұрынғы бақылау пакетіне жататын бақылауды жоғалтуға байланысты пайда мен шығынды таниды.
26 В97 -В99 тармақтар бақылауды жоғалтудың есебі бойынша нұсқаулықтан тұрады.