«Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 452 бұйрығы (күші жойылды)

Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 452 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды

 

Амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру мақсатында және ана, бала өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штаб отырысының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық пункт, фельдшерлік-акушериялық пункт, ауылдық емхана, қабылдау бөлімі, патология бөлімшесі және босану бөлімшелері деңгейінде акушериялық қан кету, ауыр преэклампсия, эклампсия және анафилактикалық шок кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі (бұдан әрі-тізбе);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жүктіліктің ерте және кеш мерзіміндегі қан кетулер, босанғанан кейінгі қан кетулер, преэклампсия, эклампсия, сепсистік жағдай, сепсис кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған бағалау парақтары (бұдан әрі-бағалау парағы);

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде ұрпақты болу жасындағы әйелдерді зерттеп-қарау алгоритмі (бұдан әрі-алгоритм) бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша):

1) осы бұйрықпен бекітілген тізбені, бағалау парақтарын және алгоритмді медициналық ұйымдарға енгізуді және мониторингін;

2) облыстық және аудандық буынның штаттан тыс мамандарын тарта отырып, осы бұйрықты қолдану бойынша медициналық ұйымның мамандарын оқытуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.