ҚР Үкіметінің 2014.03.06. № 607 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1755 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 1033 қаулысымен
бекітілген
«І санат объектілері үшін экологиялық рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «І санат объектілері үшін экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 14 кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) және атаулары мен мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген оның аумақтық бөлімшелерімен, www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 8) тармақшасына, 68-79-баптарына, «Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 95 қаулысына (бұдан әрі - Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.ecokomitet.kz;
2) уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің үй-жайларындағы стенділерінде және ақпараттық тақталарында;
3) Порталда;
4) call-орталығында: (1414) орналастырылады.