1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінiң арасындағы Тауарларды экспорттау
және импорттау кезiнде акциз салығын өндiрiп алудың принциптерi туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде
хаттама
(Бишкек қ., 2000 ж. 2 қараша)
ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 5 ақпандағы № 189 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінiң арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезiнде акциз салығын өндiрiп алудың принциптерi туралы келісімнiң ережелерiн iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында оған мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келiстi:
1. 1-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.
2. 2-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы «его» деген сөз «ее» деген сөзбен ауыстырылсын;
3. Мынадай мазмұндағы 2-1, 3-1-баптармен толықтырылсын:
«2-1-бап
Тауарларды өткiзуге және акциз салығын төлеуге бақылау
Осы Келісімнiң ережелерiн қолдану және тауарлардың импорты кезiнде акциз салығын жинаудың толықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жалған экспортты болдырмау мақсатында Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзуге және акциз салығын төлеуге бақылау жасау тетiгiн әзiрлейдi және оны iске қосады.»;
«3-1-бап
Өзгерістер мен толықтырулар енгізудiң тәртібі
Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімi бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке Хаттамалармен ресiмделедi және осы Келісімнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.».
4. 4-баптың 3-тармағы алынып тасталсын.
Осы Хаттама Келісімнің 4-бабына сәйкес күшіне енеді.
Бишкек қаласында 2000 жылғы 2 қарашада әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды, барлық мәтiннiң күші бiрдей.
Осы Хаттаманың ережелерiн түсіндіруде пікір алшақтығы туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегi мәтiнді басшылыққа алатын болады.