Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешімі
(2012.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы мәслихатының 2012.03.02. № 13 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.30.03. № 33 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.02.05. № 42 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.17.05. № 47 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.19.07. № 56 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 99716935,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 5733961,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 721172,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4003,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 93257798,2 мың теңге;
2) шығындар - 100010938,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1746341,6 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2406929,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 660587,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 610978,5 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 611451,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 472,5 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)- -2651322,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2651322,8 мың теңге.
2. Аудандар мен қалалар бюджеттеріне жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың 100 пайызын есепке алу жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін.