«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 348 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 348 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 242 (26303) «Казахстанская правдада»; 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 243 (26304) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінде:

3-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) амортизация - пайдалы қолдану мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнының жүйелі бөлінуі;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) ақшалай (монетарлы) баптар - қолдағы бар валюта бірліктері, сондай-ақ валюта бірліктерінің тіркелген немесе айқындалатын санында көрініс тапқан алуға немесе төлеуге жататын активтер мен міндеттемелер;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) ақшалай балама - ақша қаражатының белгілі бір сомасына оңай айырбасталатын және құнының өзгеруінің елеусіз тәуекеліне ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді инвестициялар;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) активтің өтелетін құны - сатуға және оның пайдалану құндылығын жұмсалатын шығындарды шегере отырып, активтің әділ құнының ең көп мәні;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) активтің құнсыздануы - амортизация арқылы болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындарды жүйелі түрде танудан асып түсетін болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындар;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.