37. Сатып алушы тарап қосымша материалдық емес активтер тобын ұқсас пайдалы пайдалану мерзімдерінің тобында жекелеген акциялар қамтамасыз ететін жекелеген акция ретінде тануы мүмкін. Мысалы, «сауда маркасы» және «сауда атауы» терминдері жиі тауар және басқа белгілердің синонимі ретінде қолданылады. Дегенмен, жоғарыда аталған терминдер әдетте тауарлық белгі (немесе қызмет көрсету белгісі) және оның тиісті тауарлық атауы, формулалары, құрамы және технологиялық құрамы сияқты толықтырушы активтердің тобына қатысты қолданылатын жалпы нарықтық терминдер болып табылады.
Жүзеге асырылу процесіндегі сатып алынған зерттеулер мен әзірлемелер жобасына жұмсалатын одан кейінгі шығындар
42. Зерттеулер мен әзірлемелерге жумсалатын шығындар:
(а) бөлек немесе ұйымдарды біріктіру кезінде сатып алынған және материалдық емес актив ретінде танылған зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы жүзеге асыру процесіндегі жобаға жатқызылатын; және
(b) мұндай жобаны сатып алудан кейін жумсалған зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығындар 54-62-тармақтарына сәйкес есепке алынуға жатады.
43. 54-62 - тармақтардың талаптарын қолдану бөлек немесе ұйымдарды біріктіру кезінде сатып алынған зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы жүзеге асыру процесіндегі жобаға жұмсалатын шығындар:
(а) егер зерттеулерге жұмсалған шығындар болса, орын алған кезде шығыс ретінде танылуын;
(b) 57 - тармақта белгіленген материалдық емес актив ретінде тану талаптарына сәйкес келмейтін әзірлемелерге жұмсалған шығындар болса, орын алған кезде шығыс ретінде танылуын; және
(c) 57 - тармақта белгіленген тану талаптарына сәйкес келетін әзірлемелерге жұмсалған шығындар болса, ұйымдарды сатып алу кезінде сатып алынған зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы жобаның қаржылық жағдай туралы есептік құнына қосылуын білдіреді.
Мемлекеттік субсидия арқылы сатып алу
44. Кейбір кездерде материалдық емес актив ақысыз немесе мемлекеттік субсидия арқылы номиналды қарсы ұсынуға алына алады. Бұл материалдық емес активтерді мемлекет ұйымға табыс еткен немесе бөлген кезде орын алуы мүмкін, мысалы, әуежайға қону, радио- және телехабарларды тарату құқығы, импорттық лицензиялар немесе квоталар, немесе өзге шектелген ресурстарға қол жеткізу құқықтары. 20 Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес ұйым алғаш рет материалдық емес активті де, субсидияны да әділ құны бойынша тануға құқылы. Егер ұйым активті әділ құны бойынша алғаш рет тануды қаламаса, ол оны алғаш рет номиналды сомасы бойынша (20 ХҚЕС-мен (IAS) рұқсат етілген есепке алудың басқа тәртібіне сәйкес), бұған қоса, активті мақсатына сәйкес пайдалану үшін әзірлеуге жұмсалған кез келген шығындарды таниды.
Активтермен алмасу
45. Бір немесе одан да көп материалдық емес активтер ақшалай емес активті немесе активтерді айырбастау арқылы немесе ақшалай және ақшасыз активтердің комбинациясына сатылып алынуы мүмкін. Төменде айтылған ойлар бір ақшалай емес активті басқа активке алмастыруға ғана қатысты емес, алдыңғы сөйлемде көрсетілген айырбастауларға да қатысты. Мұндай активтің бастапқы құны (а) айырбастау операциясының коммерциялық мазмұны болмаған кезде, немесе (b) алынған және табыс етілген активтің әділ құны шынайы бағалана алмайтын жағдайларды қоспағанда, әділ құны бойынша бағаланады. Егер ұйым табыс етілген активтің танылуын тоқтата алмаса да, сатып алынған актив дәл осы тәсілмен бағаланады. Егер сатып алынған актив әділ құны бойынша бағаланбаса, оның алғашқы құны табыс етілген активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны бойынша анықталады.
46. Ұйым айырбастау операциясында коммерциялық мазмұнды осы операцияны жүзеге асыру нәтижесінде күтілетін өзінің ақша қаражаттары ағымының өзгерістерінің дәрежесіне сәйкес анықтайды. Айырбастау операциясы:
(а) алынған активтен туындайтын ақша ағымдары конфигурациясының (яғни тәуекелдік, мерзімдер мен сома) табыс етілген активтен туындайтын ақша ағымдары конфигурациясынан айырмашылығы болса; немесе
(b) ұйым қызметінің осы операция ықпал ететін бөлігінің құнына тән айырбастау нәтижесінде өзгеретін болса; және
(c) (а) немесе (b) тармақшасындағы айырмашылықтар айырбастаудың мәні болып табылған активтің әділ құнына қатысты неғұрлым үлкен болса, коммерциялық мазмұнға ие.
Айырбастау операциясында коммерциялық мақсаттың бар екендігін анықтау мақсатында ұйым қызметінің осы операция әсер ететін бөлігіне тән құны салық салынғаннан кейінгі ақша қаражаттарының ағымын көрсетуі тиіс. Мұндай зерделеудің нәтижелері ұйым тарапынан жан-жақты есептерді өткізбей-ақ заттардың жағдайын көрсетеді.
47. 21(b) тармағы материалдық емес активтің өзіндік құнын шынайы бағалау материалдық емес активті тану үшін шарт болып табылатындығын белгілейді. Теңдес нарықтық операциялары жоқ материалдық емес активтің әділ құны, егер (a) осы активке қатысты әділ құнның негізделген бағалар диапазонның вариативтігі айтарлықтай болмаса, немесе (b) осы ауқымдағы түрлі бағалар ықтималдығы негізді белгіленіп және әділ құнды бағалау кезінде қолданылса, шынайы бағалануға жатады. Егер ұйым алынған немесе табыс етілген активтің әділ құнын шынайы анықтай алса, алғашқы құнын анықтау үшін, алынған активтің әділ құны нақты болған кездерді қоспағанда, табыс етілген активтің әділ құны қолданылады.
Ішкі қалыптасқан гудвилл
48. Ішкі қалыптасқан гудвилл актив ретінде танылуға жатпайды.
49. Кейбір жағдайларда болашақ экономикалық табыстарды жасау шығындарды жұмсаумен байланысты, бірақ бұл осы Стандартпен белгіленген тану талаптарына сәйкес болатын материалдық емес активтің пайда болуына әкелмейді. Мұндай шығындар көп жағдайларда ұйым ішінде гудвиллдің қалыптасуына әсерін тигізетін шығындар болып сипатталады. Ұйымның бақылауында болатын және өзіндік құны бойынша бағалана алатын бірегейленетін ресурс болмағандықтан (яғни, бөліне алмайды немесе шарттық немесе заңды құқықтардан пайда болмайды), ішкі қалыптасқан гудвилл актив ретінде танылуға жатпайды.
50. Ұйымның нарықтық құны мен оның бірегейлендірілетін таза активтерінің арасындағы айырмашылықтар ұйымның құнына ықпал ететін факторлар тобынан құралады. Шынында, мұндай айырмашылықтар осы ұйым бақылайтын материалдық емес активтердің құнын сипаттамайды.
Ішкі құралған материалдық емес активтер
51. Кейде ішкі құралған материалдық емес активтер тануға жататындығын немесе жатпайтындығын бағалау қиын болады, бұған себеп ретінде:
(а) күтілетін экономикалық табыстарды құрайтын бірегейленетін активтің бар және қайда екендігін анықтаумен байланысты; және
(b) мұндай активтің өзіндік құнының мағынасын анықтаумен байланысты мәселелер болып табылады. Кейбір кездерде ұйым ішінде материалдық емес активті құрудың өзіндік құнын ішкі қалыптасқан гудвиллді немесе күнделікті қызметті қолдаудың немесе күшейтудің өзіндік құнынан анықтау мүмкін емес.
Тиісінше, материалдық емес активті тану және алғашқы бағалау үшін жалпы талаптарды орындаумен қатар, ұйым ішкі құралған материалдық емес активтерге қатысты 52-67 - тармақтардың талаптары мен ұсынымдарын қолдануға міндетті.
52. Ішкі құралған материалдық емес актив тану талаптарына сәйкес келетінін анықтау
үшін ұйым активті құру процесін:
(а) зерттеу сатысына; және
(b) әзірлеу сатысына бөледі.
«Зерттеу» және «әзірлеу» терминдеріне анықтамалар берілген, бірақ осы Стандарттың мақсаттар үшін «зерттеу сатысы» және «әзірлеу сатысы» терминдеріне толығырақ мағына беріледі.
53. Егер ұйым зерттеу сатысын әзірлеу сатысынан материалдық емес активті құру бойынша ішкі жобаның шеңберінде бөле алмаса, ол мұндай жобаға жұмсалған шығындарды тек зерттеу сатысына байланысты жұмсалған шығындар ретінде есепке алады.
Зерттеу сатысы
54. Зерттеулерден (немесе ішкі жоба шеңберіндегі зерттеу сатысында) пайда болатын бір де бір материалдық емес актив танылуға жатпайды. Зерттелуге (немесе ішкі жоба шеңберіндегі зерттеу сатысына) жұмсалған шығындар олар орын алған кезде шығыс ретінде танылуы тиіс.
55. Ішкі жоба шеңберіндегі зерттеу сатысын жүзеге асырған кезде ықтимал экономикалық табыстарды генерациялай алатын материалдық емес активтің бар екендігін көрсете алмайды. Тиісінше мұндай шығындар орын алған кезде танылуы тиіс.
56. Зерттеу қызметінің мысалы болып мыналар табылады:
(а) жаңа білімдерді алуға бағытталған қызмет;
(b) зерттеулер немесе басқа білімдердің нәтижесін қолдану аясын іздеу, бағалау және түпкілікті таңдау;
(c) материалдарға, құрылғыларға, өнімдерге, процестерге, жүйелерге немесе қызметтерге балама іздеу; және
(d) жаңа немесе жақсартылған материалдарға, құрылғыларға, өнімдерге, процестерге, жүйелерге немесе қызметтерге ықтимал баламаларды жасау, қалыптастыру, бағалау және түпкілікті таңдау.
Әзірлеу сатысы
57. Әзірлемелерден (немесе ішкі жобаның шеңберіндегі әзірлеу сатысынан) пайда болатын материалдық емес актив ұйым мыналарды:
(а) материалдық емес активті құрудың техникалық жүзеге асырылуын, ол пайдалану немесе сату үшін қол жетерліктей болуын;
(b) өзінің материалдық емес активті құру және оны пайдалану немесе сату ниетін;
(c) өзінің материалдық емес активті құруға немесе сатуға қабілеттілігін;
(d) материалдық емес актив ықтимал экономикалық табыстарды құруын. Басқаларымен қоса, ұйым материалдық емес активтің нәтижелері немесе материалдық емес активтің өзі үшін арналған нарықты немесе оны ішкі пайдалану көзделген жағдайда, мұндай материалдық емес активтің пайдалылығын;
(e) әзірлемені аяқтау үшін және материалдық емес активті пайдалану немесе сату үшін жеткілікті техникалық, қаржылық және басқа ресурстарға қол жететіндігін;
(f) материалдық емес активті әзірлеу барысында жұмсалған шығындарды сенімді бағалай алу қабілеттілігін көрсете алған кезде ғана танылады.
58. Ішкі жобаның шеңберіндегі әзірлемелер сатысында ұйым кейбір жағдайларда материалдық емес активті белгілеп, бұл актив ықтимал экономикалық табыстарды құратынын көрсете алады. Өйткені жобаның әзірлеу сатысы зерттеу сатысына қарағанда дамытылған болып келеді.
59. Әзірлемелер бойынша қызметтің мысалдары:
(а) өндіріске дейінгі үлгілерді және модельдерді жобалау, құрастыру және тестілеу;
(b) жаңа технологияны қосатын құралдарды, үлгі-қалыпты, үлгілерді және мөртабандарды жобалау;
(c) экономикалық масштабтар бойынша коммерциялық өндіріс үшін келмейтін тәжірибелік құрылғыны жобалау, құрастыру және қолдану; және
(d) таңдап алынған балама материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе қызметтерді жобалау, құрастыру және тестілеу.
60. Материалдық емес актив ықтимал болашақ экономикалық табыстарды құрайтындығын көрсету үшін ұйым 36 Активтердіц құнсыздануы ХҚЕС-да (IAS) белгіленген қағидаттарды қолдана отырып, активтен алынатын болашақ экономикалық табыстарды бағалайды. Егер актив экономикалық табыстарды тек қана басқа активтермен үйлесімде құрайтын болса, ұйым 36 ХҚЕС-та (IAS) белгіленген басым бірлік тұжырымдамасын қолданады.
61. Материалдық емес активтен алынатын пайданы аяқтау, пайдалану және алуға арналған ресурстардың қол жетерліктей болуы ұйымның қажетті техникалық, қаржылық және басқа да ресурстарын және осы ресурстардың болуын қамтамасыз ететін қабілетін көрсететін, мәселен, бизнес-жоспары арқылы анық көрсетілуі мүмкін. Ұйым белгілі бір жағдайларда кредитордың осы жоспарды қаржыландыруға даяр екендігін растайтынына уәде бере отырып, сыртқы қаржыландырудың қол жететіндей болуын айғақтайды.
62. Ұйымда өзіндік құнды есептеу жүйесі көптеген жағдайларда осы ұйымның ішінде материалдық емес активті құрудың өзіндік құнын шынайы бағалауды қамтамасыз етуге қабілетті. Мысалы, жалақыға және авторлық құқықтар мен лицензиялар алу немесе компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу үшін жұмсалған басқа да шығындарға қатысты.
63. Ішінара шығарылған сауда таңбаларына, титулдық деректер, баспа құқықтарына, клиенттердің тізімдері және мазмұны бойынша ұқсас баптар материалдық емес активтер ретінде танылуға жатпайды.
64. Ішкі құралған сауда белгілеріне, титулдық деректерге, баспа құқықтарына, клиенттердің тізімдеріне және мазмұны бойынша ұқсас баптарға жұмсалған шығындарды жалпы ұйымды дамытуға жұмсалған шығындардан ажыратуға болмайды. Осыған сәйкес, мұндай баптар материалдық емес активтер ретінде танылуға жатпайды.
Ішкі құралған материалдық емес активтің нақты құны
65. 24-тармақтардың мақсаттары үшін ішкі құралған материалдық емес активтің нақты құны 21, 22, және 57 - тармақтарда белгіленген талаптарға материалдық емес актив алғаш рет сәйкес келген күннен бастап келтірілген шығын сомасын білдіреді. 71 тармақ бұрын танылған шығыс ретінде шығындарды қалпына келтіруге рұқсат бермейді.
66. Ішкі құралған материалдық емес активтің өзіндік құнына басшылықтың мақсатына сәйкес активтерді құру, жасау және пайдалануға дайындау үшін қажетті барлық тікелей шығындарды қамтиды. Тікелей шығындарға мыналар мысал бола алады:
(а) материалдық емес активті құру кезінде пайдаланылған немесе қолданылған материалдарға және қызметтерге арналған шығындар;
(b) қызметкерлерге материалдық емес активті құруға байланысты туындаған сыйақыларға арналған шығындар (19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС-ының (IAS) анықтамасына сәйкес);
(c) заңды құқықты тіркегені үшін баж; және
(d) материалдық емес активті құру үшін пайдаланылған патенттерді және лицензияларды амортизациялау.
23 Қарыздар бойынша шыгындар ХҚЕС (IAS) пайызды ішкі құралған материалдық емес активтің бастапқы құнының элементі ретінде тану үшін талаптарді белгілейді.
67. Төменде көрсетілгендер ішкі құралған материалдық емес активтің өзіндік құнына кірмейді:
(а) сауда, әкімшілік және басқа да жалпы үстеме шығыстар, активті пайдалануға дайындауға тікелей жатқызылған болуы ықтималдарын қоспағанда;
(b) активтің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізгенге дейін орын алған нақты тиімсіздіктер мен бастапқы операциялық шығындар; және
(c) қызметкерді активті пайдалануға дайындауға жұмсалған шығындар.