Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 58 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 58 қаулысымен
бекітілген
Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін айқындайды.
1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) есеп айырысу ұйымы - орталық депозитарий және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын өзге ұйым;
2) клиринг - сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде олардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі;
3) клиринг ұйымы - қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі лицензиясына ие ұйым және орталық депозитарий;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.