ҚР Үкіметінің 2014.19.02. № 115 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 Қаулысымен бекітілген
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.09.07. берілген өзгерістермен)
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушы да электрондық цифрлы қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Шалғайдағы елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді Жылжымалы Орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 115 - 132-баптары, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңының 29-бабы, «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімі);