«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік cыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 391 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
257 «Облыстың қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 020 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«020 Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының таратылатын банктің кредиторлық берешегін өтеу»;
9 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 045, 046 және 047 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
«045 Мемлекеттік деректер базасын құру
046 Электрондық үкімет құру
047 Астана қаласында мемлекеттік органдар үшін серверлік орталық ғимаратын салу»;
04 «Білім беру» функционалдық тобында:
1 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» функционалдық кіші тобында:
123 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 041 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«041 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;