«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014.28.02. № 160 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1108 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолының (бұдан әрі - ЭЦҚ) болу шарты кезінде www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-1 бабының 1-тармағы 2) тармақшасының;

2) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 25-бабы 2) тармақшасының;

3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының;

4) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

2) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылған стендтерде;

3) порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.