Мектептегі негізгі спорттық іс-шаралар күнтізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 406 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 313 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым министрлігінің алқа қаулысының 3-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Мектептегі негізгі спорттық іс-шаралар күнтізбесі бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларына жеткізсін.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының бастықтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің осы бұйрығының орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
Министр | Б. Жұмағұлов |
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 406 бұйрығымен бекітілген
Мектептегі негізгі спорттық-бұқаралық
іс-шаралар күнтізбесі
№ р/н | Іс-шаралар атауы | Өткізу мерзімі | Жарыс бағдарламасы | Қатысушылар | Өткізуге жауаптылар | Аяқталу түрі |
1. | Сергіту сәті, сергіту үзілісі, ұзартылған үзілістегі қимыл-қозғалыс ойындары мен дене шынықтыру жаттығулары | Жыл бойы | Әдістемелік ұсынымдар | 1-11 сыныптар | Сынып жетекшілері, дене тәрбиесі мұғалімдері | Таңғы жаттығу |
2. | Оқу жылының басталуына арналған (дене тәрбиесі мерекесі) денсаулық күні | Қыркүйек | Жеңіл атлетикадан жарыс, қимыл-қозғалыс ойындары, спорттық ойындар, үлгілік көрсетілім, бұқаралық старттар | 1-4, 5-11 сыныптар | Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, дене тәрбиесі мұғалімдері, сынып жетекшілері | Спорттық жарыстар |
3. | «Былғары доп» турнирі | Қыркүйек-сәуір | Футболдан жарыстар | Үш жас шамасындағы шағын топтар 10-11 жас 12-13 жас 14-15 жас | Дене тәрбиесі мұғалімдері, сынып жетекшілері, ДТҰ-ның Кеңесі | Мектептік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар |