2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік
әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Мәскеу қ., 2012 жылғы 24 тамызда)
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2013 жылғы 18 қарашадағы № 140-V Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі төмендегілер туралы келісті:
2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 2-бапта «Кеден одағының комиссиясына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық комиссияға» деген сөздермен ауыстырылсын, «Комиссияның» деген сөз «Комиссия Кеңесінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 4-бапта:
1 және 2-тармақтарда «Комиссия» деген сөз «Комиссия Кеңесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «Комиссияның» деген сөз «Комиссия Кеңесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: