Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 90 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 17 шілдедегі № 222 бірлескен бұйрығы
(2013.13.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 405-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 76 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының ұсынған нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен соң оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті төрағасына жүктелсін (Б.С. Калианбеков).
4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.