Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3/5-V шешімі
Осы редакция 2012 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8, 9-баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнтізбелік жылға белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар;