«Құрылыс терминологиясы» және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қолданылатын терминдердің анықтама сөздігі» ҚР ҚНжЕ-ге 1.01-32-2005 толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 458 бұйрығы
Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 4 бұйрықпен бекітілген «Құрылыс терминологиясы» және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қолданылатын терминдердің анықтама сөздігі» ҚР ҚНжЕ 1.01-32-2005 (оның ішінде әліпбилік көрсеткіш), әліпбилік тәртіпте мынадай анықтамалары бар терминдермен толықтырылсын:
«Көп пәтерлі тұрғын ғимарат - екі және одан көп пәтерден тұратын тұрғын ғимарат, онда пәтерден тыс үйге ортақ үй-жайлар мен инженерлік жүйелер болады.
Пәтерлердің қоршаған аумақпен байланыс жүйесінің белгілері бойынша көп пәтерлі тұрғын ғимарат мыналарға бөлінеді:
секциялық;
дәліздік;
галереялық.»;