(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2012.08.04 № 292 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы

(2012.01.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссия құрамы;

3) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.

ҚР Президентінің 2012.08.05. № 323 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2012 жылғы 30 желтоқсанға дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті түзетулер қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2012 жылғы сәуірдің 8-і.

 

№ 292

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.