Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 Қаулысы
(2013.30.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Авиация персоналына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Аса жеңіл авиация әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;