«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1151 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 154 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 5 қыркүйектегі

№ 1151 қаулысымен

бекітілген

 


«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - тіркеуші органдар) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 27-бабының 12) тармақшасы және 68-бабының 3-тармағы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпарат республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстың жергілікті атқарушы органдардың осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген интернет-ресурстарында орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты тіркеу актісі немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі;

2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алған кезде құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспайды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.