«Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 126 Бұйрығы (күші жойылды)

Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 126 Бұйрығы

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 бұйрығымен бекітілген «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын», «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағы 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса тіркелген Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесі бекітілсін.

2. Күші жойылды деп саналсын:

1) «Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 28 маусымдағы № 108 Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4334 тіркелген, 2006 жылғы 31 қазандағы № 190 (1170) «Заң газетінде» жарияланған);

2) «Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 28 маусымдағы № 108 Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 01 маусымдағы № 96 Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4747 тіркелген, 2007 жылғы 23 маусымдағы № 95 (25340) «Егемен Қазақстанда» жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.