«Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешімі (2012.14.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешімі

(2012.14.12. берілген өзгерістермен)

 

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1) тіс протездеу бағасының мөлшерінде жылына бір рет Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тістерін протездеуге (бағалы металдар мен металлокерамика, металлоакрилден жасалған протездерден басқа);

2) жылына бір рет Қазақстан Республикасының санаторийлері мен профилакторийлерінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға санаторий-курорттық емделуге;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен ай сайынғы ұсынылатын мәлімет негізінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша, шаштараз қызметтерінің төлеміне айына 230 теңге мөлшерінде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.