«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту жөнінде» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 268 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту жөнінде» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 268 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 Қаулысымен 2017 ж. 1 сәуірден бастап күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту жөнінде» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6217 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 19 қазанда № 429-432 (26275) жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.