«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік cыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйекте № 434 Бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
368 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«368 Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»;
466 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі», 467 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі» және 472 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
066 «Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік объектілерін салу» бюджеттік бағдарламасы мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
9 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 004 бюджеттік бағдарламасы бар 384 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын: