«Қазақстан Республикасында сирек ауруларды емдеуге арналған орфандық медициналық технологиялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 285 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 тамыздағы № 536 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 34-бабының 3-тармағына және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысының 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында сирек ауруларды емдеуге арналған орфандық медициналық технологиялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 285 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшада:
«Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар» деген бөлімде мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2 жолдармен толықтырылсын:
21-1 | Помпадағы Апоморфин | Леводоп және Карвидопты көтере алмау жағдайында Паркинсон ауруын емдеуге арналған |