«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасын бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 370 бұйрығы (2014.03.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасын бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 370 бұйрығы

(2014.03.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 211 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014.03.03. № 80 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 9-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014.03.03. № 80 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 160 «Көкшетау техникалық институтына іріктеу мен қабылдау Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6297 болып енгізілген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылы, № 15 (Тиражға шыққан уақыты 25 қараша 2010 жылы); «Казахстанская правда» 2010 жылғы 16 қараша, № 312 (26373); «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 7 қаңтардағы № 3-4 (26406) газеттерінде жарияланған) бұйрығының күші жойылсын.

3. Кадрлық қамтамасыз ету департаменті (Е.Б. Құлтаев) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және мерзімдік баспа басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.