«Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 417 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 417 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 118-бабын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн жасау ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне 2010 жылғы 19 шiлдеде № 6339 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 356-357 (26200) «Егемен Қазақстан»; 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 358-359 (26202) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн жасау ережесiнде:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті жасау ережесi»;

3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне инвестициялар - бұл мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен аффилиирленгендер болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға салынатын бюджет қаражатының салымдары;»;

4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн жасау кезінде мынадай талаптар сақталады:»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.