Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 15 шілдедегі № А-5/295 «Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларды эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/18 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № А-9/396 Қаулысымен күші жойылды
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 шілдедегі № А-5/295 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3260 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 тамызда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: