Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 және «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 1320 Қаулысы
(2017.07.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасы (тізімі) мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық міндеттемелер түсініктері бойынша бақыланатын тауарлар