«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 1323 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 1323 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 3) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 22-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жалпы көлемі 829 гектар жер учаскелері Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағындағы елді мекендерінің жері санатынан алынсын.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері және осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 951 гектар босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) тұрақты жер пайдалануға берілсін.

3. Осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері және осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мекеменің тұрақты жер пайдалануындағы жалпы ауданы 179352 гектар жер учаскелері босалқы жерлер, елді мекендердің жерлері және орман қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің ормандары» қорғаныштық санатына жатқызылсын.

4. Мекеменің тұрақты жер пайдалануындағы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағындағы жалпы ауданы 1780 гектар мемлекеттік орман қорының жерлері осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орлиногор орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне берілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.