«Облыстық және республикалық маңызы бар аса қауіпті автотрасса учаскелерінде ауданаралық травматологиялық бөлімшелерді құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 614 Бұйрығы (күші жойылды)

Облыстық және республикалық маңызы бар аса қауіпті автотрасса учаскелерінде ауданаралық травматологиялық бөлімшелерді құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 614 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды

 

Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге білікті медициналық көмекті уақтылы көрсету мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тарауының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 5-бөлімінің 5.1-тарауына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша):

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аудандық (қалалық) орталық аурухананың базасында ауданаралық травматологиялық бөлімшелер ұйымдастырсын;

2) «Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 6 маусымдағы № 352 бұйрығына сәйкес ауданаралық травматологиялық бөлімшелердің қызметтерін қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.