Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 656 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апталық мерзімде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оны одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Қайырбекова |
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 656 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы
кейбір күшін жойған бұйрықтардың
тізімі