«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның тіркеу орнының қызметі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 557 бұйрығы (күші жойылды)

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның тіркеу орнының қызметі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 557 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және халыққа медициналық көмек көрсетуді жетілдіру және медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның тіркеу орнының қызметі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары Денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың тіркеу орындарының қызметін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

С. Мусинов

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2012 жылғы 8 тамыздағы

№ 557 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның тіркеу орнының қызметі туралы

нұсқаулық

SUB1011. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулық амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның (бұдан әрі - АЕККҰ) тіркеу орнының қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.