«Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 582 Бұйрығы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 6859 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 31 мамырдағы 172 (26593) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрығымен бекітілген, Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алу ерекшеліктерінде:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сапар - айналым пунктінде болу уақытын ескере отырып, (поездардың бір жұбын жүргізу үшін локомотив) жолаушылар, жүк вагондарымен қызмет көрсетуге (поездық, локомотивтік, бригадасының поездарда багаж және жүк багаждарын қабылдау - тапсыруы) қызметкермен жұмсаған уақыты»;
3, 4, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ауысымның ұзақтығы, жұмыстың (ауысымның) басталу және аяқталу уақыты, демалу мен тамақтануға арналған үзілістердің басталу және аяқталу уақыты, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне ауысу қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша жұмыс беруші бекіткен ауысымдық кестеге сәйкес еңбек тәртібі қағидаларымен, еңбек және ұжымдық шарттармен белгіленеді.