«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 476 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 476 бұйрығы

 

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:

4 «Іргелі ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:

мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 697 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

«697 Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі

131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;

03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:

1 «Құқық қорғау қызметі» функционалдық кіші тобында:

352 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

004 ««Астана - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

«004 Астана қаласында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу жөніндегі қызметтер»;

04 «Білім беру» функционалдық тобында:

1 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» функционалдық кіші тобында:

мынадай мазмұндағы 021 бюджеттік бағдарламасы бар 257 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

«257 Облыстық қаржы басқармасы

021 Қарағанды қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану» концессиялық жобасын қоса қаржыландыру»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.