Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi туралы
ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 9 наурыздағы № 291 қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi туралы ереже бекітілсiн.
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 сәуірдегі № 421 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 жыл, № 19, 188-құжат);
2) "Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлерi мен мамандарының біліктілiгiн арттыру институтын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстердiң 1-тармағының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 жыл, № 13, 158-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының