«Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 02-01-02/32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 7 қарашадағы № 02-01-02/155 бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 06-7/120 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 02-01-02/32 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6801 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі № 129-130 (26550-26551) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрығымен бекітілген Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші топшасы үшін ((комитет төрағасы - ТЖМ, ІІМ, ҚАЖК (C-SV-1), төраға - КБК (Қ-КБ-1), аппарат басшысы - ІІМ, ТЖМ (C-SV-1), ЭСЖКА (C-FP-1)):
білім - нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім және дағды;