47. ӨҮК өткізілетін мәжіліс шеңберінде мынадай іс-әрекетті жүзеге асырады:
1) қаржы агенті ұсынған ақпаратпен бірге қаржы агенті ұсынған күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) субсидиялауды тоқтату немесе бастау туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған жағдайда субсидиялауды қайта бастау үшін негіздеме көрсетіледі.
Осы Қағидалардың 44-тармағында көрcетiлген субсидиялауды тоқтата тұру фактілері жойылған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды қайта бастау себептерін көрсете отырып оны қайта бастау туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 44-тармағында көрcетiлген субсидиялауды тоқтата тұру фактілері жойылмаған жағдайда ӨҮК кәсiпкердiң жобасы бойынша субсидиялауды тоқтатады.
48. ӨҮК мәжілісінің хаттамасы ӨҮК мәжілісі өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
49. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қаржы агентіне, банкке/лизингтік компанияға мәлімет ретінде жібереді.
50. Қаржы агенті мәжіліс қорытындылары бойынша:
1) кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім келісілген жағдайда:
банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді субсидиялау төлемін қайта бастау туралы хабардар етеді;
тоқтата тұру мерзімінде олар төлемеген субсидияларды төлеуді жүзеге асырады;
2) кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешімді келіскен жағдайда кәсіпкерге, банкке/лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартының бұзылатын күні және бұзу себептері көрсетіледі.
51. Мынадай жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылған деп танылады:
1) кәсіпкер банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты бойынша банк/лизингтік компания алдындағы кредитті/лизингті толығынан өтегенде. Кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күн субсидиялауды толық өтеген күн болып есептеледі.
2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) кәсіпкердің субсидиялау шартын бұзу туралы бастамасы бойынша.
52. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агентін кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
Сонымен бір мезгілде, кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агентіне төлемдерді өтеу кестесінің өзгерістерімен бірге субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
53. Кәсіпкердің орынсыз пайдаланылғаны анықталған кредиті бойынша банк қаржы агентіне кредитті орынсыз пайдалану фактілерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген құжаттарды ұсынады.
54. Жобаны іске асыру мониторингін қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
1) банк ұсынған деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалану мониторингі;
2) жобаны іске асыру мониторингі (қаржы лизингі шарты бойынша лизингтің нысанын пайдалану);
3) банк/лизингтік компаниясы ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің субсидияланатын кредитінің/лизингінің төлем тәртібінің мониторингі;
4) жобаның және/немесе кәсіпкердің Қағидалар және бағдарлама талаптарына сәйкестігі мониторингі.
55. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенті кәсіпкерден, банктен/лизингтік компаниядан барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға іске асыратын жерге барып жобаны іске асыру мониторингін жүзеге асыруға құқылы.
56. Мониторингтің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенті дербес белгілейді.
4. Кәсіпкерлерге өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 57-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
57. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету Бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының моноқалалар тізбесіне сәйкес моноқалаларда, сондай-ақ оларға әкімшілік бағыныстағы аумақта орналасқан елді мекендерде тиісті инфрақұрылымды дамыта отырып, кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті дамытуға бағытталған.
58. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсетуді қаржыландыру Бағдарлама шеңберінде 014 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялдық инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісін айқындайды.
59. Жаңа өнеркәсіптік алаңқайларды ұйымдастыру және жұмыс істеп тұрғандарын дамыту үшін нысаналы трансферттерді беру мыналар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) өнеркәсіп алаңқайларын дамыту жоспары;
2) бөлінген жер учаскелері;
3) мүдделі мемлекеттік органдармен және мекемелермен келісілген өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жетілдіруге арналған техникалық талаптар;
4) жаңа өнеркәсіптік алаңдар құрылысының және жұмыс істеп тұрғандарын дамытудың техникалық-экономикалық негіздемесі;
60. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
61. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау алу үшін жоба нысаналы трансферт бөлініп отырған моноқаланың аумағында іске асырылуы тиіс.
62. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында моноқала дамуының әлеуеті деңгейіне байланысты олардың ұзақ мерзімді даму перспективаларын есепке ала отырып жүзеге асырылатын болады.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары
63. Моноқалаларда өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жетіспейтін инфрақұрылымды жетілдіруге негізделетін болады және жекелеген жобалар үшін де жеке, өнеркәсіп алаңдарын ұйымдастыру шеңберінде де өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар үшін жүзеге асырылады.
64. Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су тартқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды салуға және қайта жаңартуға, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды салуға және қайта жаңартуға, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыру, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.
65. Қаражат бөлу құрылысқа немесе қайта құруға арналған техникалық-экономикалық негіздеменің немесе бизнес жоспардың негізінде жүзеге асырылады.
66. Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
67. Инфрақұрылым құрылысының (қайта құру) құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды жетілдіру жағдайында жоба құнынан 50 % аспауы тиіс.
68. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту моноқаланы дамытудың бас жоспарына сәйкес келуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 69-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша қолдау:
1) мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
2) тау-кен саласының кәсіпорындарына;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталынақатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларға;
5) акциздік тауарлар мен қару шығаруды көздейтін жобаларға қолданылмайды.
Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігі
70. Жетіспейтін өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету мынадай тәртіппен ұсынылатын болады:
1) кәсіпкер инфрақұрылымды жетілдіру немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның жобасын қамтамасыз ету бойынша өтініммен жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісіне жүгінеді.
2) жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қалыптастырған, іріктелген өтінімдер тізбесі ӨҮК қарауына шығарылады.
3) ӨҮК өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның құрылысы немесе қайта құруды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
4) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым салу немесе қайта жаңғырту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік
мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау,
сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды
дамыту бойынша қолдау көрсету қағидаларына
1-қосымша
Өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы төлеу ставкаларын субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісім
Осы өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы төлеу ставкаларын субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісім (бұдан әрі - Келісім) бірлесіп «Тараптар», әрқайсысы жекелей «Тарап» деп аталатын, қаржы агенті, жергілікті атқарушы орган, банктер/лизингтік компаниялар арасында не болмаса жоғарыда көрсетілгендей «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысын іске асыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттарын басшылыққа ала отырып төмендегілер туралы жасалды:
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Терминдер мен қысқартулар