«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1433 Қаулысы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1433 Қаулысы

(2022.03.06. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған оның шаруашылық жүргізу құқығындағы мынадай еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен:

1) «Атом энергиясы институты», Курчатов қаласы;

2) «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты», Курчатов қаласы;

3) «Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы», Алматы қаласы;

4) «Байкал», Курчатов қаласы болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындары:

1) «Ядролық физика институты» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;

2) «Геофизикалық зерттеулер институты» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық етуді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.