«Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумды әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 294 бұйрығы
«Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылыста отандық өнімді дамыту және қазақстандық мазмұнды көтеру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумды әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылсын.
2. Жұмыс тобымен «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумның жобасы әзірленіп Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығына енгізілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Индустрия және жаңа технологиялар
бірінші вице-министрінің
2012 жылғы 17 тамыздағы № 294
бұйрығына қосымша
«Қол жетімді тұрғын үй 2020»
бағдарламасын іске асыру шеңберінде өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумды әзірлеу бойынша
жұмыс тобының құрамы