сыйақыны жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын есепке жазуды тоқтата тұрады.
Микроқаржы ұйымы қарыз алушы жеке тұлғаның сəйкестендіру құралдарын үшінші тұлғаның заңсыз алуы жəне пайдалануы салдарынан, оның ішінде микроқаржы ұйымының қызметтерін қашықтан көрсетудің бағдарламалық қамтылымын алыстан басқаруды пайдалану жəне (немесе) микроқаржы ұйымының биометриялық аутентификациялауды жүргізу тəртібін не уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген алаяқтықтың ішкі, сыртқы фактілерін жəне (немесе) өзге де тəсілдерін анықтау, тіркеп-белгілеу жəне талдау жөніндегі талаптарды бұзуы арқылы микрокредитті ресімдеу кезінде қылмыстық іс бойынша жəбірленуші деп танылған осындай жеке тұлғаға алаяқтық тəсілмен микрокредит ресімдеу фактісі анықталған заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, оның тиісті микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы, сондай-ақ осындай микрокредит бойынша бұрын ұсталған (төленген) сомаларды қарыз алушы жеке тұлғаға қайтару бойынша шаралар қабылдайды.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-3-баппен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3-бап. Мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіге берілетін микрокредит ерекшеліктері
1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілердің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымдарының осындай əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында мерзімді əскери қызметті өткеруі кезеңінде оларға микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымы осындай əскери қызметшіге микрокредит берген жағдайда микроқаржы ұйымы мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның 4-бабының 14-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.
2. Микроқаржы ұйымдары мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге микрокредит беру туралы шарт бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.
3. Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер туралы, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда микрокредиттің болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мəліметтерді алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Микрокредит беруге қойылатын ең төмен талаптар
1. Микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жəне микрокредиттер беру қағидаларына сəйкес микрокредиттер береді.
2. Микрокредит беру туралы шарт жасасу тəртібі, оның ішінде шарттың жəне микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төлем сомасы, микрокредит нысанасы) туралы ақпаратты қамтитын бірінші бетінің мазмұнына, ресімделуіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптар, сондай-ақ микрокредитті өтеу графигінің нысаны уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
3. Микроқаржы ұйымдары микрокредиттер беру шеңберінде өтініш берушімен өзара іс-қимыл жасау кезінде мынадай талаптарды сақтауға міндетті:
1) өтініш берушіге сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін қоса алғанда, микрокредиттің талаптары жəне микрокредит алуға байланысты тəуекелдер, оның ішінде өтініш берушінің микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы анық жəне толық ақпарат беру;
2) өтініш берушінің қаржылық жағдайы туралы ақпараттың негізінде оның кредит төлеу қабілеттілігіне (төлем қабілеттілігіне) бағалау жүргізу;
3) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес кредиттік бюроға ақпарат беру;
4) қарыз алушы микрокредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеген немесе толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, оның микрокредитті пайдаланған күндерінің нақты саны үшін ғана сыйақыны есепке жазу;
5) теңгемен берілген микрокредитті беру туралы шарт бойынша міндеттемелер мен төлемдерді кез келген валюталық немесе өзге де баламаға байланыстыра отырып индекстеуге жол бермеу;
6) жеке тұлғамен микрокредит беру жəне (немесе) жеке тұлғаның микрокредитін өтеу мақсатында жаңа микрокредит беру туралы шарттың талаптары өзгерген кезде негізгі борыштың сомасына капиталдандырылған (жинақтап қосылған) мерзімі өткен сыйақыға, тұрақсыздық айыбына (айыппұлдарға, өсімпұлдарға), микрокредит беруге жəне оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге сыйақыны есепке жазуға жол бермеу.
4. Қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту жағдайларын қоспағанда, микроқаржы ұйымдары оларды біржақты тəртіппен өзгертуге құқылы емес.
Осы тармақтың мақсаттары үшін қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту деп мыналар түсініледі:
1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) азайту жағына қарай өзгерту немесе оның толық күшін жою;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына өзгерту;
3) микрокредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, оның ішінде мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге кейінге қалдыру жəне (немесе) бөліп төлеу.
Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы үшін жақсарту талаптарының қосымша тізбесі көзделуі мүмкін.
5. Микроқаржы ұйымдары жақсарту талаптарын қолданған жағдайда қарыз алушы микрокредит беру туралы шартта көзделген тəртіппен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы микрокредит беру туралы шарт талаптарының өзгергені жөнінде хабардар етіледі;
Ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар ету туралы талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды.
6. Қарыз алушы микроқаржы ұйымының тиісті хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде микроқаржы ұйымы ұсынған жақсарту талаптарынан бас тартуға жəне микрокредит беру туралы шартта айқындалған тəртіппен жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы микроқаржы ұйымына өзінің шешімі туралы хабарлауға құқылы.
Микроқаржы ұйымдарының микрокредит бойынша ай сайынғы төлемдерді ұлғайтпай, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды жəне (немесе) бөліп төлеуді ұсынуы өтініш берушінің келісімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.
7. Микроқаржы ұйымдары мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін сомадан асатын тұтынушылық микрокредит беруге құқылы емес.
8. Жеке тұлға жеке тұлғаның микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталында немесе микроқаржы ұйымының «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілерін пайдалана отырып тегін белгілеуге немесе олардан алып тастауға құқылы.
Микроқаржы ұйымдары микрокредит беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілегені туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымдарының оған микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Бұл тыйым салу ломбардтың микрокредит беру жағдайларына қолданылмайды.
9. Микроқаржы ұйымының мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сомадан асатын, тіркелуге жататын, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредиттерді жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз беруіне тыйым салынады.
Тіркелуге жататын, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті алуға жұбайының (зайыбының) келісімін алу тəртібі жəне жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын микрокредиттің ең төмен мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
10. Микроқаржы ұйымының кредиттік есебінде бұрын алынған микрокредиттер жəне (немесе) банктік қарыздар туралы ақпарат жоқ жеке тұлғамен осы жеке тұлғаның микроқаржы ұйымында берген жазбаша келісімінің негізінде микроқаржы ұйымында өзінің жеке қатысуымен осындай жеке тұлғаға биометриялық сəйкестендіру жүргізбей, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шарт жасасуына тыйым салынады.
Тұтынушылық микрокредит шартын жасасқан кезде осы тармақтың бірінші бөлігіне сəйкес жеке тұлғаның өзінің жеке қатысуы міндетті болатын осындай шарт бойынша микрокредиттің ең төмен мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап тұтынушылық микрокредит сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.
10-тармақтың төртінші - жетінші бөліктері 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Қарыз алушы жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша микроқаржы ұйымы он жұмыс күнінен кешіктірмей, қарыз алушыға оған биометриялық сəйкестендіруді жүргізу күні мен тəсілін қоса алғанда, осы биометриялық сəйкестендіруді жүргізу процесі, микроқаржы ұйымы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының дерекқорларында ол туралы ақпараттың болуы тұрғысынан жүргізілген деректерді салыстырып тексеру туралы мəліметтерді, сондай-ақ тұтынушылық микрокредит беру туралы шарт жасасуға берілген өтінішті қарау жəне осындай шарт жасасу кезінде пайдаланылған борыштық жүктеме коэффициентінің мəнін ұсынады.
11. Уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда жəне тəртіппен микроқаржы ұйымы жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шарт жасасуға оның келісімін алғаннан кейін ғана осындай шарт жасасады.
Мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шарт Интернет арқылы жасалған жағдайда, оны жасауға келісім кредиттік бюрода не «электрондық үкіметтің» веб-порталында, не микроқаржы ұйымының «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы ресімделеді.
12. Микроқаржы ұйымы Интернет арқылы жасалған, мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын микрокредит беру туралы шарттың негізінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит бойынша қарыз алушыға ақша беруді мынадай талаптарды сақтай отырып:
1) микрокредит беру туралы шартқа қол қойылған не микрокредит сомасы ұлғайтылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кейін;
2) уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес ресімделген жəне микроқаржы ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген мерзімнен кейін алған тұтынушылық микрокредитті алуға қарыз алушының келісімі (растауы) болған кезде жүзеге асырады.
Қарыз алушыға Интернет арқылы мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, қосу нəтижесінде сомасы уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын бірнеше тұтынушылық микрокредит сол бір микроқаржы ұйымында күнтізбелік бір күннің ішінде берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы көрсетілген ең төмен мөлшерден асып кеткен микрокредиттерге қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген талапты сақтайды, сондай-ақ көрсетілген микрокредиттерді уəкілетті органның осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарды ескере отырып, ішкі құжаттарға сəйкес алаяқтық белгілерінің болмауы тұрғысынан тексереді.
13. Осы баптың 8-тармағының екінші бөлігінде, 11-тармағында жəне 12-тармағының бірінші бөлігінде көзделген талаптар мынадай жағдайларға:
1) микроқаржы ұйымының тұтынушылық микрокредит сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беруіне;
2) микроқаржы ұйымының жеке тұлғаның осы микроқаржы ұйымындағы басқа микрокредит бойынша берешегін өтеу мақсатында оған микрокредит беруіне;
3) микроқаржы ұйымының қарыз алушының салықтар, айыппұлдар, атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегін төлеу мақсатында жеке тұлғаға микрокредит беруіне қолданылмайды, мұндай жағдайда микрокредит сомасы қарыз алушы көрсеткен, осындай төлемдерді қабылдауды жүзеге асыратын тиісті уəкілетті органның не өндіріп алушылар пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтау үшін банкте ашылған жеке сот орындаушысының банктік шотына аударылады.
14. Микроқаржы ұйымы осы баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамай, жеке тұлғаға микрокредит берген жағдайда, микроқаржы ұйымы:
1) аталған жеке тұлғадан осындай микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауын талап етуге құқылы емес;
2) көрсетілген микрокредитті беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шаралар қабылдайды:
қарыз алушы жеке тұлғаның осындай микрокредит бойынша берешегін толық есептен шығару (кешіру) туралы шешім қабылдайды;
осындай микрокредит бойынша берешекті өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтатады;
қарыз алушы жеке тұлғаның кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына осындай микрокредит жөніндегі ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы түзетулер енгізеді;
осындай микрокредит бойынша негізгі борыштың, сыйақының жəне (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын қарыз алушы жеке тұлғаға қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шаралар, микроқаржы ұйымы осы Заңның 3-2-бабының 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық қудалау органдарының процестік құжаттарын алған жағдайда, оның осы баптың 3-2-бабының 2-тармағында, 8-тармағының екінші бөлігінде, 10-тармағының бірінші бөлігінде, 11 жəне 12-тармақтарында көзделген талаптардың кез келгенін сақтамай, микрокредит беру жағдайларына қолданылады.
15. Микроқаржы ұйымдары «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен жеке тұлғаға қатысты соттан тыс банкроттық рəсімінің немесе сот арқылы банкроттық рəсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл ішінде аталған жеке тұлғаға микрокредиттер беруге, сондай-ақ мұндай жеке тұлғадан микрокредит беру туралы шарттар бойынша кепіл, кепілдік жəне (немесе) кепілгерлік түріндегі қамтамасыз етуді қабылдауға құқылы емес.
Осы тармақтың талаптары мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып ломбардтар беретін микрокредиттерге қолданылмайды.
16. Микроқаржы ұйымдары мөлшерін микроқаржы ұйымдары өз бетінше айқындайтын микрокредитті бергені жəне оның талаптарын өзгерткені үшін заңды тұлғаларға комиссиялар жəне (немесе) өзге де төлемдер белгілеуге жəне оларды алуға құқылы.
Микроқаржы ұйымдары заңды тұлғаға берілген микрокредит беру туралы шарттарда микрокредитті беруге жəне оның талаптарының өзгеруіне байланысты алуға жататын комиссиялардың жəне (немесе) өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті.
Микроқаржы ұйымдары заңды тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың шеңберінде комиссиялардың жəне (немесе) өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тəртіппен енгізуге құқылы емес.
5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.
2. Берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидасын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттарда, сондай-ақ микрокредиттер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.
3. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету
1. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауы Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1-тармақтың бірінші - он төртінші абзацтары 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылды
1-1. Егер қарыз алушы жеке тұлға жүргізген төлем сомасы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болса, көрсетілген сома қарыз алушы жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) осы баптың 3-тармағына сəйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұлдар);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыштың сомасы;
5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
6) микроқаржы ұйымдарының орындауды алу бойынша шығасылары.
Осы тармақта белгіленген талаптар ломбард жасасатын микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.
2. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Жеке тұлғамен жасалған, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару жəне (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдардың) мөлшері мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні ішінде мерзімі өткізіп алынған əрбір күн үшін мерзімі өткізіп алынған төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға тиіс, бірақ микрокредит беру туралы шарт қолданылатын əрбір жылға берілген микрокредит сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.
7-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтары мен мiндеттерi
1) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға беруге;
2) микрокредиттер беру қағидаларында айқындалған, микрокредит беру туралы шартты жасау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажетті құжаттар мен мәлiметтердi қарыз алушыдан (өтініш берушіден) сұратуға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) қарыз алушының өтініші бойынша тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу мақсатында екінші деңгейдегі банктер арқылы микрокредитті үшінші тұлғаға аударуды жүзеге асыруға;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) осы Заңда көзделген мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғаларының жеке басын куəландыратын құжаттарының көшірмелерін жинауға;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және микрокредит беру туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Микроқаржы ұйымы:
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тұрған жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда бұл туралы уəкілетті органды, сондай-ақ қарыз алушыларды (өтініш берушілерді) микроқаржы ұйымының тұрған жері бойынша, сондай-ақ қарыз алушы (өтініш беруші) жеке тұлғаның заңды мекенжайы бойынша жəне қарыз алушы (өтініш беруші) заңды тұлғаның тұрған жері бойынша екi баспа басылымында қазақ жəне орыс тілдерінде тиісті ақпарат жариялау арқылы не мұндай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде əрбір қарыз алушыны (өтініш берушіні) жазбаша хабардар ету арқылы жазбаша хабардар етуге;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) қатысушылардың (акционерлердің) құрамы өзгерген жағдайда, бұл туралы жəне қатысушылардың (акционерлердің) осы Заңның 14-бабы 6-тармағының талаптарына сай келуі туралы уəкілетті органды мұндай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында белгіленген тəртіппен жазбаша хабардар етуге;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмені қоса бере отырып, уəкілетті органды тауар белгісінің (тауар белгілерінің) тіркелгені туралы хабардар етуге міндетті.
Осы тармақшада белгіленген талап кредиттік серіктестіктерге қолданылмайды;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) оның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі, микрокредиттер бойынша жеке жəне заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы мөлшерлемелері мен тарифтер туралы өзекті ақпарат, микроқаржы ұйымының атауы көрсетілген тауар белгісінің (тауар белгілерінің) бейнесі, микроқаржы ұйымының тұрған жері, телефон нөмірлері, жұмыс істеу графигі туралы ақпарат, сондай-ақ микроқаржы ұйымының қалауы бойынша өзге де ақпарат орналастырылатын өз интернет-ресурсының болуы міндетті.