«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы (2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген кезден бастап үш жыл бойы жүзеге асырғанда;

3) сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күніне уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары немесе шектеулі әсер ету шаралары және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында және 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар болмағанда;

4) сервистік компанияның бірінші басшысында алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болмағанда;

5) сервистік компания уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келгенде сервистік компанияға берілуі мүмкін.

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

Сервистік компанияны сервистік компаниялар тізілімінен шығару сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады.

Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлға микрокредит беру туралы шарт бойынша өзіне берілген құқыққа (талапқа) қатысты кредитордың құқықтарын сервистік компаниямен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде не осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беру арқылы іске асырады.

Сервистік компаниямен сенімгерлік басқару шарты бұзылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлға басқа сервистік компаниямен жаңа сенімгерлік басқару шартын жасасуға не құқықтарды (талаптарды) осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беруге міндетті.

Осы тармақтың талаптары осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1. Басқаға беру күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес құнсыздану белгілері бар микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді микроқаржы ұйымы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады:

1) құқықтарды (талаптарды) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің бесінші, алтыншы жəне жетінші абзацтарында көрсетілген тұлғаларға беруді қоспағанда, пайдасына микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілетін тұлға банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында микроқаржы ұйымы өткізетін осы құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық нəтижелері бойынша айқындалады;

2) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру осы баптың 5-тармағында белгіленген шектеулер мен қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады.

Осы тармақта белгіленген талаптар ломбардтарға қолданылмайды.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5-2-тармақтың қолданысы 2027 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады

5-2. Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беру туралы шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруді жүргізуіне тыйым салынады.

6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредит беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.

2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Микроқаржы ұйымы мүлік кепілімен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талапты) осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға құқық (талап) басқаға берілгенге дейін соңғы алты ай ішінде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген мүлік құнын бағалаусыз беруге құқылы емес.

2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Бір қарыз алушыға қатысты микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды), бұл құқықтар (талаптар) секьюритилендіру мәмілесінің нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.

2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (бұдан әрі - басқаға беру шарты) жасалған кезде, микроқаржы ұйымы:

2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы - жеке тұлғаны микрокредитті беру туралы көрсетілген шарт бойынша кредитордың құқықтарын (талаптарын) үшінші тұлғаға берудің жоспарланып отырғаны, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні (берілетіні) туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен, сондай-ақ микроқаржы ұйымына «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сəйкестендіру құралдарын қолдану арқылы клиент-жеке тұлғаны сəйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан əрі - ақпараттандыру объектілері) арқылы хабардар етуге;

2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтардың (талаптардың) үшінші тұлғаға өтіп кеткені туралы, басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, микрокредит беру туралы шарт бойынша одан әрі төлемдерді үшінші тұлғаға (өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның не микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда - сервистік компанияның атауын, орналасқан жерін және банктік деректемелерін) жүзеге асыру қажеттілігін, микрокредит беру туралы шарт бойынша берілген құқықтардың (талаптардың) көлемін, микрокредит беру туралы шарт бойынша берешектің мөлшері мен құрылымын (негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және төленуге жататын басқа да сомаларды көрсете отырып, хабардар етуге;

2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не сервистік компанияға (микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда) мынадай құжаттарды:

микрокредит беру туралы шартты;

кепіл шартын және кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды (микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);

кепілгерлік немесе кепілдік шартын (микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда);

құқықтарды (талаптарды) басқаға беру күніне қарыз алушы берешегінің есеп-қисабын;

қарыз алушымен наразылық хат алмасуды (бар болса);

қарыз алушы-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы - жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін;

қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттарды;

кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды (бар болса);

басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттарды беруге міндетті.

Барлық құқықтар (талаптар) қарыз алушыға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап) берілген тұлғаға өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын береді, ал микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары сервистік компанияға беріледі.

Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы осындай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы, ал микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері сервистік компанияға беріледі.

Микроқаржы ұйымы, өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға, сервистік компания микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады;

2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) басқаға беру шарты жасалғаннан кейін микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өтеу есебіне алынған ақшаны өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның банктік шотына әрбір қарыз алушы бойынша төлемдердің таратып жазылуын бере отырып, аударуға міндетті.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымының құқығы (талабы) берілген тұлғаның осындай құқықты (талапты) осы бапта көзделген шарттарды сақтамай, басқаға беруіне тыйым салынады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

10. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға осы құқықтарға (талаптарға) қатысты кредитор (қарыз беруші) деп танылады, оның микрокредит беру туралы шартта белгіленген барлық құқықтары мен міндеттері болады, Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтайды, оның ішінде мыналарды:

Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен кредиттік бюроларға микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы жəне оның міндеттемелері туралы ақпаратты беру мен жаңартып отыруды;

қарыз алушы жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттар тізбесін қарау тəртібінің, сондай-ақ уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өтінішті қарау нəтижелері туралы уəкілетті органға хабар беру тəртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, сервистік компанияның микрокредит беру туралы шартта белгіленген барлық құқықтары мен міндеттері болады, сондай-ақ ол осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар мен шектеулерді сақтайды.

Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтары (талаптары) берілген тұлғаның, сондай-ақ сервистік компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптарды жəне (немесе) шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

 

2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

9-2-бап. Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Микроқаржы ұйымдары микрокредит беру туралы шарт бойынша ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алудың туындағаны туралы мерзімін өткізіп алу туындаған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы қарыз алушы жеке тұлғаны жазбаша хабардар етуге міндетті.

Көрсетілген хабарламада мыналар қамтылуға тиіс:

1) хабарламада көрсетілген күнге микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткізіп алынған төлемдердің мөлшері;

2) микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткізіп алынған төлемдерді енгізу туралы талап;

3) қарыз алушы жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдарын түсіндіру;

4) қарыз алушы жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында айқындалған тəртіппен микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен микроқаржы ұйымына жүгіну құқығына нұсқау;

5) микроқаржы ұйымының қалауы бойынша өзге де мəліметтер.

Ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар ету туралы талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды.

Микроқаржы ұйымы қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Микроқаржы ұйымының қарыз алушы жеке тұлғаға осы баптың 1-тармағында көзделген хабарламаны жіберген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы:

1) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;

2) микрокредит беру туралы шарт бойынша ай сайынғы төлемді кемінде үш ай мерзімге микрокредит беру туралы шартта белгіленген мөлшерден кемінде елу пайызға азайтуға;

3) негізгі борыш жəне (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға;

4) берешекті өтеу əдісін жəне (немесе) берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тəртіппен өтей отырып өзгертуге;

5) микрокредиттің мерзімін өзгертуге;

6) микрокредитке қызмет көрсетуге байланысты мерзімі өткізіп алынған негізгі борышты жəне (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдардың) күшін жоюға;

7) тараптардың келісімімен белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өз бетінше өткізуіне;

8) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына микроқаржы ұйымына кепілдік жəне (немесе) өзге де мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;

9) сатып алушыға микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге қатысты ұсыныспен микроқаржы ұйымына жазбаша нысанда жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы жəне (немесе) микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен жүгінуге құқылы.

Қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген жолданымында қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауының мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, ағымдағы кірістері туралы мəліметтер, қарыз алушының микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен жүгінуін негіздейтін басқа да мəн-жайлар қамтылуға тиіс.

Банктік қарыз шартының жəне микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау тəртібі, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының жəне микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің жəне микроқаржы ұйымының уəкілетті органға қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының жəне микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нəтижелері туралы хабар беру тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Микроқаржы ұйымы қарыз алушы жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушы ұсынған талаптарына өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарауға жəне микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен қарыз алушы жеке тұлғаға жазбаша, сондай-ақ микроқаржы ұйымы қабылдаған:

1) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді енгізуге келісетіні;

2) микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы қарыз алушыға қарсы ұсынысы;

3) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді енгізуден бас тарту себептерінің уəжді негіздемесімен қоса, осындай бас тарту туралы шешімдердің бірі туралы ақпараттандыру объектілері арқылы хабарлауға міндетті.

Ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар ету туралы талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды.

Қарыз алушының осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымы бойынша микроқаржы ұйымының шешімін осы баптың 4 жəне 5-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, микроқаржы ұйымының жеке тұлғалардың микрокредиттерін қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі ішкі тəртібіне сəйкес микроқаржы ұйымы қабылдайды.

Жеке тұлғалардың микрокредиттерін қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі ішкі қағидаларға қойылатын талаптар уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Микроқаржы ұйымы, егер:

1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік осал топтарына жататын;

2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мəн-жайлардың салдарынан зардап шеккен кез келген қарыз алушы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына осы баптың 3-2-тармағында көзделген жағдайларда осы баптың 2-тармағының 2) жəне (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген өзгерістерді енгізу туралы ұсыныспен жолданымын микроқаржы ұйымына жіберген болса, мұндай өзгерістерді шарттың талаптарына енгізуге міндетті.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

3-2. Микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шартқа осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген өзгерістерді енгізуі мынадай жағдайлардың:

1) қарыз алушы жүгінген айдың алдындағы екі айға есептелген қарыз алушының орташа айлық кірісінің аталған қарыз алушының жүгінген айдың алдындағы он екі айға есептелген орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеуі;

2) қарыз алушы микроқаржы ұйымына жүгінген кезде оның мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмекті алуы жағдайларының кез келгені болған кезде жүзеге асырылады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

3-3. Микроқаржы ұйымы қарыз алушының осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымын қарау кезеңінде микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы емес.

Қарыз алушы микроқаржы ұйымының осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Көрсетілген мерзім екі тараптың да келісімі болған кезде ұзартылуы мүмкін.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 21 желтоқсаннан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қарыз алушы - жеке тұлға микроқаржы ұйымының осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге осы баптың 3-тармағының бесінші бөлігінде көзделген мерзімде қол жеткізбеген кезде бір мезгілде микроқаржы ұйымын хабардар ете отырып, микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.

Микроқаржы омбудсманы қарыз алушы - жеке тұлғаның жолданымын оның микроқаржы ұйымына жүгінуінің жəне микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеудің дəлелдері ұсынылған кезде қарайды.

Микроқаржы омбудсманы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы-жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беру туралы шарт бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы не соттан тыс тəртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы - жеке тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы - жеке тұлға мен микроқаржы ұйымы арасында микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, микроқаржы ұйымы:

1) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы.

Шаралар қолдану туралы шешім микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.

Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген жағдайда микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті тарту құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі;

Микроқаржы ұйымы берешекті сотқа дейін өндіріп алуға жəне берешекті реттеуге берген күні бұл туралы қарыз алушыны коллекторлық агенттіктің атауын, тұрған жерін, коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлерін көрсете отырып, микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) тұлғаға микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) қарыз алушыда:

жеке тұлғаның жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарты бойынша - қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын;

жеке тұлғаның микрокредит беру туралы өзге де шарттары бойынша - қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын ақшалай міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу болған кезде осы Заңның 9-1-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып беруге құқылы.

Осы тармақшаның ережелері қарыз алушы - Қазақстан Республикасының азаматына қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рəсімдері қолданылған жағдайларға қолданылмайды;