«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы (2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Қайта ұсынылған өтініш пен өзге де құжаттар отыз жұмыс күні ішінде қаралады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтан бас тартылған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тарту алынған кезде, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Заңды тұлға осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға не таратуға жатады.

 

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшін негіздер

1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысы мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады:

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) қызметін осы Заңның 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3, 5 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды бұза отырып жүзеге асырған;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) пруденциялық нормативтерді жəне (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) бұзу;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбау;

4) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынғаны үшін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) әкімшілік жауаптылыққа тартылу;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) қадағалап ден қою шарасын орындамау;

6) тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермеуге алып келетін оны жүргізуге кедергі келтіру;

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзу;

8) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттың анықталуы.

2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру мынадай негіздердің бірі бойынша жүргізіледі:

1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия қолданысының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тоқтата тұрылуы;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

1-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензияның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған жəне жойылатын сипаты бар мəн-жайларды жоймау;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар құқықтарының бұзылуына алып келген, осы Заңның жəне (немесе) уəкілетті органның жəне (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзу фактілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) анықтау;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

2-1) пруденциялық нормативтерді жəне (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) бұзу;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) уəкілетті органның құзыретіне кіретін мəселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) бұзу не уəкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамау;

4) осы Заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру;

5) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тартылу;

6) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмау;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

6-1) микроқаржы ұйымының осы Заңда белгіленген микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға міндетті мүшелік туралы талапты бұзуы;

7) микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;

8) 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермеуге алып келетін оны жүргізуге екі реттен артық кедергі келтіру.

3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау кезінде мыналар:

1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің сипаты және олардың салдары;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жол берілген бұзушылықтардың жəне (немесе) кемшіліктердің жəне олардың, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін салдарының ауқымы жəне айтарлықтай болуы;

3) бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;

4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайына ықпалы;

5) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

5-1) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шаралары мен санкцияларының болуы жəне тиімділігі (нəтижелілігі);

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) анықталған кемшіліктерді, тəуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға жəне олардың тиімділігіне бағытталған дербес шаралар қабылдауы ескеріледі.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтату мынадай жағдайларда:

1) микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап;

2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

«Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуға арналған өтінішке микроқаржылық қызметті жүзеге асырумен байланысты барлық міндеттемелердің орындалуы жəне баланста қолданыстағы микрокредиттердің жоқ екені туралы хат қоса беріледі.

5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысы мұндай шешім микроқаржы ұйымының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы қабылданған шешім жөніндегі ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

6. Уәкілетті органның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасалады.

Уәкілетті органның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешіміне шағым жасау мұндай шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, сондай-ақ осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуіне тыйым салуға алып келеді.

Микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуге, оның ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде олардың қолданылу мерзімін ұзартуға қарыз алушының келісімімен жəне микрокредит беру туралы шарттың қолданыстағы талаптарын сақтауды не жақсартуды қамтамасыз ететін жəне негізгі борыш сомасын, микрокредит бойынша мерзімді төлемдердің мөлшерін ұлғайтуды жəне қарыз алушының жəне (немесе) микроқаржы ұйымының жауапкершілігін көздемейтін талаптарда ғана жол беріледі.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатылған микроқаржы ұйымының, сондай-ақ осы микроқаржы ұйымының құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаның микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуіне сыйақы мөлшерлемесін азайту жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе оның толық күшін жоюды қоса алғанда, қарыз алушының келісімімен жəне микрокредит беру туралы шарттың қолданыстағы талаптарын сақтауды не жақсартуды қамтамасыз ететін жəне микрокредит бойынша негізгі борыш сомасын, мерзімді төлемдердің мөлшерін ұлғайтуды жəне қарыз алушының жауапкершілігін көздемейтін талаптарда ғана жол беріледі.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 3) жəне 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатылған микроқаржы ұйымы лицензиясы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рəсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Құқықтарды (талаптарды) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға беруді қоспағанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатылған, оның ішінде осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған микроқаржы ұйымының, сондай-ақ қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы микроқаржы ұйымының құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруіне тыйым салынады.

Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беру туралы шарттар бойынша жеке тұлғалармен шарттық қатынастар тоқтатылғанға дейін микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатылған микроқаржы ұйымы, сондай-ақ қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы микроқаржы ұйымының құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына, сондай-ақ кредиттік бюролардың дерекқорларындағы барлық қарыз алушылар жөніндегі ақпаратты жаңартуға қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатылған микроқаржы ұйымының, сондай-ақ осы микроқаржы ұйымының құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаның жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізуіне қарыз алушының келісімімен жəне сыйақы мөлшерлемесін жəне (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе оның толық күшін жоюды көздейтін жақсарту талаптарында ғана жол беріледі.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

10. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған микроқаржы ұйымы жеке тұлғалардың кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредиттері бойынша берешекті өндіріп алуды жəне (немесе) осы Заңның 9-1-бабында белгіленген тəртіппен микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді уəкілетті орган микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде жүзеге асырады.

Жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттар бойынша өндіріп алынбаған жəне (немесе) құқықтары (талаптары) басқаға берілмеген, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредиттері бойынша берешегі уəкілетті органның микроқаржы ұйымын микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап жиырма төрт ай ішінде кешірілуге тиіс.»

 

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-бап жаңа редакцияда

17-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау

1. Микроқаржы ұйымдары уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сəйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асырумен байланысты жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдарын қарайды.

2. Өтініш берушінің жолданымын қарау мерзімі микроқаржы ұйымына келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажет болған кезде жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіні мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Осы тармақта көзделген мерзімдер осы Заңның 9-2-бабының 2-тармағына сəйкес қарыз алушы жеке тұлғаның өтінішін қарау жағдайларына қолданылмайды.

3. Жолданымды қарау нəтижелері бойынша микроқаржы ұйымы өтініш берушіге оның жолданымының мəні бойынша жауап (шешім) жіберуге міндетті.

4. Мынадай:

1) жолданымда жауап жіберілуге тиіс мекенжай көрсетілмеген;

2) жолданымда өтініш берушінің тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне жеке сəйкестендіру нөмірі немесе оның толық атауы мен бизнес-сəйкестендіру нөмірі көрсетілмеген;

3) жолданымда былапыт не қорлайтын сөздер, микроқаржы ұйымының мүлкіне қатер төндіру, микроқаржы ұйымы қызметкерінің жəне (немесе) оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына жəне мүлкіне қатер төндіру жазылған;

4) жолданымның мəтіні оқуға келмейтін;

5) жолданымды уəкілетті емес адам берген жағдайларда өтініш берушінің жолданымы қараусыз қалдырылуға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда микроқаржы ұйымы өтініш берушінің жолданымын алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жолданымды қараусыз қалдыру себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жауап жібереді.

5. 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

6. Микроқаржы ұйымдары (кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарды қоспағанда) уəкілетті органға тізбесі, нысандары, мерзімдері мен ұсыну тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, жеке жəне заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілікті ұсынады.

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-бап. Тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесі

1. 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

2. 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

3. Өзінің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін кредиттік серіктестік, ломбард ішкі бақылау қызметін құруы мүмкін.

4. Ішкі бақылау қызметінің жұмыс істеу тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ кредиттік серіктестіктің, ломбардтың ішкі қызметін реттейтін қағидаларда, ережеде жəне өзге де құжаттарда айқындалады.

 

19-бап. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

20-бап. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

21-бап. Микрокредит беру құпиясы

1. Микрокредит беру құпиясы қарыз алушылар, микрокредиттердiң мөлшерлерi туралы, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы және микроқаржы ұйымының операциялары туралы (микрокредиттер беру қағидаларын қоспағанда) мәлiметтердi қамтиды.

Тарату процесіндегі микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру туралы жасасқан шарттары жөнiндегi мәлiметтер микрокредит беру құпиясына жатпайды.

2. Микроқаржы ұйымдары микрокредит беру құпиясына кепiлдiк бередi.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Микрокредит беру құпиясы Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес берілген микрокредиттер бойынша қарыз алушыға, қарыз алушының жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы берген келісімі негізінде үшінші тұлғаға, кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 4, 5, 5-1 жəне 6-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкін.

4. Қарыз алушылар, микрокредиттердiң мөлшерлерi туралы, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы, микроқаржы ұйымы жүргiзген операциялар туралы мәлiметтер:

2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға: олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша прокурор санкция берген жазбаша сұрау салу негiзiнде;

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша;

2) соттарға: олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың ұйғарымы, қаулысы, шешiмi және үкiмi негiзiнде;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: олар жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша әділет органдарының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы негізінде;

4) прокурорға: оның құзыретi шегiнде өзінің қарауында жатқан материал бойынша тексеру ісін жүргізу туралы қаулы негiзiнде;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана мемлекеттік кіріс органдарына: тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша нұсқама негiзiнде беріледі, кредиттік бюролар активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған қарыз алушы-жеке тұлға бойынша береді;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) қарыз алушының өкiлдерiне: сенімхат негізінде, жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы бойынша нотариат куәландырған сенімхат негізінде;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін прокурордың санкциясымен;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға: «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу негізінде осындай сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

9) қаржы басқарушысына: төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған азаматқа қатысты сұрау салу негізінде прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі;