(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИН. М. А.. 2011.06.01 № 20 Б...

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі сараптамалық комиссияның құрамын және кадрларды шетелге жіберу бойынша басым медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 20 бұйрығы

(2012.09.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес және медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын арналастыруды ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі сараптамалық комиссияның құрамы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға кадрларды шетелге жіберу бойынша басым медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министрінің

міндетін атқарушы

 

Б. Садықов

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.09.01. № 9 бұйрығымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2011 жылғы 6 қаңтардағы

№ 20 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі сараптамалық комиссияның

құрамы

 

Е.Ә. Байжүнісов

 

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі, төраға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.