Мемлекет басшысының «Қазақстаның әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын орындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 474 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2012 жылғы 9 қазандағы № 699 бұйрығы
«Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 қаулысын тиімді және уақтылы іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бойынша Мемлекет Басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жоспарды іске асыруға жауапты басшылар Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшы | С. Мусинов |
Денсаулық сақтау министрлігі
Жауапты хатшысының
2012 жылғы 9 қазандағы
№ 699 бұйрығымен бекітілген
Мемлекет Басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай
20 қадам» атты мақаласындада берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі
Іс-шаралар жоспары
№ | Бағдарламалық мақаланың орны | Негізгі іс-шараның атауы | Шаралар және іске асыру кезеңдері | Мерзімдер | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушы | Бақылау | |||||
1-тапсырма | ||||||||||||