Мемлекет Басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына жиырма қадам» атты мақалада берілген тапсырмаларын орындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 474 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет Басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына жиырма қадам» атты мақалада берілген тапсырмаларын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бойынша Мемлекет Басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына жиырма қадам» атты мақалада берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарды іске асыруға жауапты басшылар Жоспарда белгіленген іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы С.Р. Мусиновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | С. Қайырбекова |
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 12 шілдедегі
№ 474 бұйрығымен бекітілсін
Мемлекет Басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына жиырма қадам»
атты мақалада берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі
Іс-шаралар жоспары
| № | Бағдарламалық мақаланың орны | Негізгі іс-шараның атауы | Шаралар және іске асыру кезеңдер | Мерзімдер | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушы |
| № 1 тапсырма | ||||||