Стационарлы, контейнерлі және жылжымалы көлікке жанар май құятын станцияларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 6 тамыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

 ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2012 жылғы 6 тамыздағы

№ 349 бұйрығымен бекітілген

 

 

Стационарлы, контейнерлі және жылжымалы көлікке жанар май құятын станцияларға қойылатын

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар

 

Мазмұны

 

1. Жалпы ережелер

2. Жобалау

3. Аумағы

4. Сұйыққоймалар

5. Отын және май үлестіретін колонкалар

6. Технологиялық құбыр өткізгіштер

7. Ғимараттар мен құрылыстар

8. Электр құралдары, жерге тоғыту, статикалық электрден қорғау, найзағайдан қорғау

9. Сумен қамсыздандыру, кәріздендіру

10. Контейнерлі КЖҚС пайдалану ерекшеліктері

11. Жылжымалы КЖҚС пайдалану ерскшеліктері

12. Мұнай өнімдерін қабылдау

13. Мұнай өнімдерін беру

14. Мұнай өнімдерін сақтау

15. Қоршаған табиғи ортаны сақтау

16. Қалдықтармен жұмыс жүргізу

17. КЖҚС қызметін метрологиялық қамсыздандыру

18. Мұнай өнімдері сапасын бақылау және сақтау

 

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар стационарлы, контейнерлі және көлікке жанар май құятын станцияларға (бұдан әрі — КЖҚС) таралады.

2. КЖҚС техникалық басқарушысы:

апатты жою жоспарын;

өндірістік бақылау ережелерін;

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қaуіпciздігі туралы» Заңына сәйкес КЖҚС пайдaлану бойынша технологиялық регламентті жасайды және бекітеді.

Технологиялық регламент — өндіріс тәсілдерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, шарттарды және технологиялық процессті жүргізу тәртібін орнататын, стандарттардың тaлаптарын жауап беретін сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмысты жүргізу қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуін орнататын кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.

3. КЖҚС аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, қызмет көрсету бөлмелерінің құрамы жоба құжаттамасында бepiлeді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.