Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 723 бұйрығы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ретке келтіру мақсатында бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң Су көлігі департаменті (Н.Б. Есембаева) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр | А. Жұмағалиев |
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 29 қазандағы № 723 бұйрығына
қосымша
Күші жойылған деп танылатын Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі бұйрықтарының тізбесі