«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 501 Бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер» функционалдық кіші тобында:
215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 050 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«050 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру үшін берілетін нысаналы даму трансферттері»;
271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 080 және 081 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
«080 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
081 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру үшін берілетін нысаналы даму трансферттері
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары және 080 және 081 бюджеттік бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын: