«Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 489 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 489 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 124-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 27 наурызда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 5612 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2009 жыл, № 5, 344-құжат), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiнде:

7-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өлшем бірлігі» деректемесі - мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерінде мың теңгеде;»;

57-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Кассалық шығыстар» 6-бағаны бойынша 010 және 170-жолдары бойынша есептi кезеңнiң басында және соңында тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден алынатын қаражат қалдықтарының сомасы көрсетiледi. Есептi кезеңнiң 010 және 011 жолдары өткен жылғы № 4-б нысан есебiнiң 170, 171-жолдарына сәйкес келеді.»;

75-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.